Алматылық қыз қаңғыбас иттерді аулап жүргендерден хайуандарды құтқаруға талпынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық қыз қаңғыбас иттерді аулап жүргендерден хайуандарды құтқаруға талпынды

Алматылық қыз қаңғыбас иттерді аулап жүргендерден хайуандарды құтқаруға талпынды

Әлеуметтік желіде әдеттен тыс видео пайда болды. Онда ит аулап жүргендер бейнеленген. Кадр сыртындағы дауысқа қарағанда, оны бір қыз түсіріп жатқан сияқты. Ол тіпті ит аулаушылардың жұмысына кедергі келтіріп, хайуандарды құтқаруға талпынған.

  • 22 Ақпан 2017
  • 2468
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.   

Қыздың "Итті жіберіңдер. Оларды сыммен байлап ұстауға болмайды. Бұл заңға қайшы ғой. Қазір бастықтарыңа телефон соғамын. Омыртқасын сындыратын болдыңдар" деп, жан даусы шығып жатыр. Бір ит қапияда құтылып шығып еді, оған "қаш" деп айғайлады. Ит аулаушылар қайтадан қуғанымен, қыз оларға кедергі жасағандықтан, хайуан адамдарға жеткізбей кетті.

Бұл бейнежазбаны Фейсбукке Аксинья Маковецкая есімді қолданушы жариялаған. Видеоны да сол түсірген болуы мүмкін. Парақшасындағы суреттеріне қарағанда, Маковецкаяның жан-жануарларды қорғаушыларға қатысы бар сияқты.


Казахстан 2030 го го!! Стремимся быть цивилизованой страной!!!! Где закон о стерилизации животных не представляющих племенной ценности??? Стремимся быть развитым государством!😂😂 Максимальный перепост.желательно пусть весь мир увидет какие у нас методы!! Зачем платить бешенные бабки центру ветеринарии????? Не проще ввести закон о массовой стерилизации животных и через года 3 сам отлов отпадет за ненадобностью!!!! Или это выгодно властям?? #развитоегосударство 22.02.2017 г Алматы

Posted by Аксинья Маковецкая on Tuesday, February 21, 2017

Соңғы жаңалықтар