Алматылық жігіт автомобиль көпірінен не үшін секірді? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жігіт автомобиль көпірінен не үшін секірді?

Алматылық жігіт автомобиль көпірінен не үшін секірді?

Алматыда ер адам Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында автомобиль көпірінен секіру дерегіне байланысты тергеу басталды.

  • 22 Маусым 2017
  • 1572
Фото - Caravan.kz

Секірген адам зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

1995 жылғы жігіт Алматыға Оралдан келіпті.

"Ол тұрды да, "секіріп кетемін" деп айтты. Полицейлер оны жақын маңнан сөзге тартты. Жақын маңда жұмыс істеп жүрген абаттандырушылар да көмектесті. Оны жұмыла жүріп, құтқару мүмкін болды. Ол белгілі бір талап айтпады. Ол секірген жоқ, көпірден тентке түсті. Қазіргі уақытта полицейлер одан жауап алып жатыр, ол түсініктеме жазды", — деді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұрынырақ Алматыда ер адамның Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында автомобиль көпірінен секіріп кеткені хабарланған еді. 


 

Соңғы жаңалықтар