Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды

Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды

[wpcode id="1694287"] Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды. Енді бұл мекемені Ақмола облысының полицейл

  • 9 Қыркүйек 2016
  • 451
Фото - Caravan.kz


Алты бірдей барысты өлтіріп алған Алматы зообағы тағы да дауға қалды. Енді бұл мекемені Ақмола облысының полицейлері тексермек, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Қызыл кітапқа» енген Амур жолбарысын жасырын алып келген БАҚ қызметкерлері енді мән-жайды тергеушілерге тәтпіштеп түсіндіруі тиіс.

Жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған жануарды негізі астаналық тұрғын тегін берген екен. Бірақ өзі көзге түскісі келмей, бақ қызметкерлеріне біржарым жастағы жолбарысты тастап кеткен жерін айтқан көрінеді. Оны зообақ директоры тиісті орындарға хабарламаған. Мұндай жауап полицейлердің күдігін тудырғаны анық. Заң бойынша, «қызыл кітапқа» енген аңды қолда баққандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы тиіс. Басы тағы дауға қалған бақ басшылығы енді Амур жолбарысының қайдан тап болғанын еш түсіндіре алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар