Анкарада Қазақстан мәдениетінің күндері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Анкарада Қазақстан мәдениетінің күндері өтті

Анкарада Қазақстан мәдениетінің күндері өтті

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай түрік елінің бас қаласында Қазақстанның мәдени күндері өтті. Салтанатты шараға қос елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

  • 24 Маусым 2017
  • 301
Фото - Caravan.kz

Ал мерекеге орай ұйымдастырылған дүбірлі концертте отандық өнерпаздарымыз түркиялық өнерсүйер қауымға Қазақ елінің ыстық сәлемін әсем ән тәтті күймен жеткізді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Айтулы шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі болып, Қазақстанның мәдениет үйі ашылды. Ұлттық нақышта безендірілген орталықта кәдесыйлар мен түрік тілінде жарық көрген қазақ ақын-жазушыларының еңбектері көпшіліктің назарына ұсынылды.

– Қазақстанның мәдени күндеріне арналған концерттік бағдарлама өте жоғары деңгейде өтті. Өнерпаздардың орындау шеберлігіне тәнті болып, сұлулығы көздің жауын алар киім үлгілеріне таңдай қақтық. Ұмытылмас бұл кештен көңіліміз көтеріліп, керемет әсермен қайтып барамыз. Екі елдің байланыстары артып, бірлігі нығая берсін деп тілеймін, — дейді Анкара қаласының тұрғыны Энгин Учар.


Соңғы жаңалықтар