Жарияланды: 184

Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды

Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды

17 мамыр күнi Астана - Ақтөбе бағытында ұшпақ болған, бiрақ елордалық әуежайға апатты жағдайда қонған Bek.Air ұшағына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Bek.Air әуе компаниясына тиесiлi Fokker 100 ұшағының экипажы қатаң түрде инструкцияға сәйкес әрекет еттi. Ұшақ таблосы сол жақ шассиде ақау бар сигнал берген. Ережеге сәйкес, олар қонуы тиiс болатын, сондықтан қонды. Кеше, 18 мамыр күнi ҚР Инвестициялар және даму министрi авиациялық оқиға ретiнде тергеудi бастау туралы бұйрыққа қол қойды», - дедi Скляр.

Еске сала кетсек, 2017 жылғы 17 мамыр күні сағат 17.15-те Фоккер-100 әуе кемесi Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшпақшы болған. Ұшақ Астана әуежайынан көтерілгеннен кейін экипаж сол жақ негізгі шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі беріп, әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Әуе кемесі сағат 17.49-да әуежайға қайта аман-есен қонған. Әуе кемесінің бортында 6 экипаж мүшесі, 108 жолаушы болған.

Бұдан бұрын рейстердің алынып тасталуына байланысты әуе компания жолаушылары қиын жағдайда қалғаны хабарланған. Жалпы бейсенбі күні BEK Air компаниясының үш рейсі кейінге қалдырылды. Ұшулар мен ұшып келу таблосына сәйкес, Алматы – Атырау, Атырау – Алматы, Ақтобе – Алматы (Астана арқылы) рейстері кейінге қалдырылды

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]