Ақмола облысындағы Жабай өзені тасқын қаупін төндіріп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысындағы Жабай өзені тасқын қаупін төндіріп тұр

Ақмола облысындағы Жабай өзені тасқын қаупін төндіріп тұр

Атбасарда Жабай өзенінің суы арнасынан асып тасуы мүмкін. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы ескерту смс-хабарлама таратқан.

  • 15 Сәуiр 2017
  • 363
Фото - Caravan.kz

ТЖД қызметкері Думан Дəлешовтің айтуына қарағанда, дəл қазір Атбасар қаласы арқылы ағып өтетін Жабай өзені суының деңгейі қатерлі шегіне жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде су тасқынынан Атбасар қаласына үлкен қауіп төніп тұр. Сол себепті төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар жəне жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекшілік етуде. Сағат сайын судың деңгейіне мониторинг жүргiзiлуде. Су басу қаупі бар Атбасардағы ЖБК шағынауданының тұрғындарына қатер туралы ескертіліп, қажет болған жағдайда қауіпсіз жерге көшірілетіні түсіндірілді. Ол үшін арнайы орындар да əзірленген. Көмекке қосымша құтқарушылар мен 10-ға жуық техника жіберілді", — деп түсіндірді Д.Дəлешов.

Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын «Көкшетау — Атбасар» тас жолының 165 шақырымында  тереңдiгi 20 сантиметр, ені 5 метр қар суы тасыған болатын. Судың ағысын бұрып, көлік қозғалысын қалпына келтiру үшiн 20 тонна инерттi материалдарды төселді. Қазіргі кезде көлік қозғалысы қалпына келтiрiліп отыр.


Сонымен қатар, облыстың  су тасқынының қаупі зор өзге аудандарында да алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы мəліметтерге қарағанда Көкшетау қаласындағы Қылшақты, Зеренді ауданындағы Шағалалы өзендері сабасына түсе бастаған. Целиноград ауданында Нұр өзенінен келетін қауіп сақталуда. 

Соңғы жаңалықтар