АҚШ Иранға қарсы қатаң шараларға баратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Иранға қарсы қатаң шараларға баратын болды

АҚШ Иранға қарсы қатаң шараларға баратын болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы экономикалық санкциялардан, сасяи қысымнан бөлек әлдеқайда қатаң шараларды қолдану жолдарын қарастырып жатыр.

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz


Бұл шараларды Ақ үй қожайынына осы елдің қорғаныс министрі Джеймс Мэттис, мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон бастаған ықпалды тұлғалар дайындап бермек. Нақтырақ айтқанда, АҚШ-тың Иранға қарсы бұл жолғы қолданатын стратегиясы Шам мен Сирия жерінде азаматтық соғысқа тартылған, Иранның қолдауына ие болып отырған шииттік қарулы топтарға қарсы қатаң шаралар қарастырылуда. Дәлірегі, Иран қолдау көрсетіп отырған Шам мен Сирия жеріндегі және соғыс жүріп жатқан Йемендегі, сондай-ақ, Бахрейндегі, Синай түбегіндегі, газа секторындағы шииттік қарулы топтардың жол кесу, Иранның аймақтағы ықпалын азайту, қысқасы, қару-жарақпен, азық-түлікпен, т.б. қамтамасыз етуіне тосқауыл қоюды көздеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар