АҚШ Қазақстан азаматтарына 10 жыл мерзімге жарайтын виза береді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстан азаматтарына 10 жыл мерзімге  жарайтын виза береді

АҚШ Қазақстан азаматтарына 10 жыл мерзімге жарайтын виза береді

Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың 29 желтоқсанынан бастап Қазақстан азаматтары АҚШ-қа 10 жыл мерзімге бірнеше рет баруға болатын виза ала алады.

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 985
Фото - Caravan.kz

«Іскерлік және туристік визаларды он жылға алу Қазақстан және Америка азаматтарына көп уақытын виза алуға жібермей, бірден сапарларын жоспарлауға мүмкіндік береді», — деп сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролдың сөздеріне сілтеме жасайды.

Он жыл мерзімге берілетін іскерлік, туристік визаның құны — 160 АҚШ доллары.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де АҚШ азаматтарына он жыл мерзімге виза беруді қарастырып отыр. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанға 30 күнге дейін келетін АҚШ азаматтарына виза қажет етпейді.


Соңғы жаңалықтар