АҚШ-та жасөспірімдер бір апта смартфонсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та жасөспірімдер бір апта смартфонсыз қалды

АҚШ-та жасөспірімдер бір апта смартфонсыз қалды

Мұндай эксперимент басында жасөспірімдер үшін қолайсыздық тудырған. Алайда уақыт өте келе олар өздерін әлдеқайда жақсы сезіне бастағанын

  • 1 Қараша 2017
  • 343
Фото - Caravan.kz

Мұндай эксперимент басында жасөспірімдер үшін қолайсыздық тудырған. Алайда уақыт өте келе олар өздерін әлдеқайда жақсы сезіне бастағанын байқаған, деп хабарлайды Bnews.kz. «Америка дауысы» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеушілер бір топ Нью-Йорктік жасөспірімдердің сматрфондарын бір аптаға алып қойып, әлеуметтік желіге кіруге тиым салған. Осы эксперимент көрсеткендей, балалар гаджетке қатты тәуелді болған.

Балалар бастапқыда-ақ гаджеттерінен айырылғысы келмеген.

«Смартфон – өмірдің бір бөлігі ретінде жасөспірімдер арасында қатты тәуелділік туындатып отыр. Көптеген балалар телефонын беретін кезде қобалжып, тіпті сенімсіздік білдірген. Біздің мақсатымыз тәуелділіктің деңгейін анықтау. Әлеуметтік желіден бас тарту жүрек қағысының жиілеуі мен қорқыныш сезімін қаншалықты туындататынын зерттеп көргіміз келді», — деді психиатр Грег Диллан.

Жасөспірімдер апта бойы смартфонсыз қалай жүргендерін айтып берді. Олардың бірі шыдамағасын, тіпті пластмассадан ойыншық телефон жасап алыпты. Зерттеу жұмысына қатысушылар арасында әлеуметтік желіге кіргендер де болған.    


Уақыт өте келе жасөспірімдер бір-бірімен көбірек араласа бастағанын атап өтті. Бір аптадан кейін олар өздерін барынша жеңіл әрі сабырлы сезініп, тіпті қайта дүниеге келгендей болғанын қуана жеткізген.

«Осы зерттеу арқылы мен өте көп уақыттың әлеуметтік желіде өтетініне көз жеткіздім. Мен сматрфонымды  уақытша алып қойғанға дейін бұл туралы мүлде ойлап көрмеппін», — деді жасөспірімдердің бірі.   

Қалай дегенмен, сарапшылар жасөспірімдердің смартфондарын мүлде тартып алмай, олардың қолдану уақытын шектеу керек деген пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар