Ақтауда полицейлер сауда орталығын қопарған КамАЗ жүргізушісін қуалап, әзер тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда полицейлер сауда орталығын қопарған КамАЗ жүргізушісін қуалап, әзер тоқтатты

Ақтауда полицейлер сауда орталығын қопарған КамАЗ жүргізушісін қуалап, әзер тоқтатты

 Ақтауда полицейлер КамАЗ жүргізушісінің артынан қуды. 2 қарашада 22:00-де болған осы оқиғаның видеолары пайда болды, - деп хабарлайды "Лада".

  • 3 Қараша 2017
  • 375
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің жүк көлігін қуып келе жатқанын көрген куәгерлердің айтуынша, КамАЗ ережені бқзып қозғалып келе жатқан — бір жақтан екінші жаққа ауысып. Оның артынан бірнеше патрульдік көлік қуалаған. "Біз әйеліміз екеуіміз жол шетінде көлікте отырдық. Бір кезде "мигалкалар" көбейіп кетті. Біреуді қолқалап бара жатқан болар деп ойладық. Сөйтсек, олар КамАЗ жүргізушісін қуалап келе жатыр екен. Мен бірден досыма айттым. Ол маған дәл осы КамАЗ-дың "Мясная лавка" сауда павильонын қиратып кеткенін айтты. Оның артынан бірнеше патрульдік көлік қуалап жүрді", — деді куәгер. 

Оның айтуынша, жүк көлігінің артына қуалау шарасы тас жолдың бойында "АПМЗ" ЖШС мен бұрыны теміржол депосының аралығында жалғасқан. Полицейлер КамАЗ алдына дөңгелек жарғыш тізбекті тастаған. Сол жерде құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізушіні ұстаған.   
 


Соңғы жаңалықтар