Әлеуметтік желіде айтылып жатқан болжам бойынша, қала төңірегінде жарылыс болып, соның салдарынан үйлер шайқалған
Ақтаудың төменгі аудандарының тұрығындары пәтерлерінде тылсым бір дүмпулерді сезініп, қала сыртындағы жарылыс бұлтына ұқсас құбылысты бейнеге түсіріп алған, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы. Сағат кешкі сегіз кезінде 3, 4, 7, 8, 9 шағын аудандар мен өнідірстік аумақ тұрғындары қатты дүмпулерді сезінген. Әлеуметтік желідегі ақтаулықтардың пікірінше, үйлердің теңселуіне себеп болған қала сыртындағы жарылыс көрінеді. "Мен үйге "КамАЗ" соғылған шығар деп ойладым, себебі бір сәттік болса да, үй қатты шайқалып кетті…", — деп жазады қоланушылардың бірі. Әлеуметтік желіде жарылыс салдарынан пайда болуы мүмкін бұлттың бейнежазбасы жарияланған.