Ақтөбе облысында бүйрек ауыстыруға кезекке тұрғандардың қатары өршіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында бүйрек ауыстыруға кезекке тұрғандардың қатары өршіп барады

Ақтөбе облысында бүйрек ауыстыруға кезекке тұрғандардың қатары өршіп барады

Елде мәйіттік донорлық ісі баяу жүріп жатыр. Көбіне қайтыс болған адамның туыстары мәйіттен ішкі органдарын алып, басқаға салуға келіспейды. Дәрігерлер бұл проблеманың Ақтөбеде де бар екенін айтады. Өңірде әсіресе бүйрек ауыстыруға кезекке тұрғандар көп.

  • 19 Маусым 2017
  • 218
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

4 маусым күні Ақтөбенің бүйрек ауыстырған екі тұрғыны операциядан шықты. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда жастары 40-тың үстіндегі Баян мен Гүлмираға ауыр жарақаттан оңала алмай жан тапсырған азаматтың бүйректері салынған. Қазір екеуінің жағдайлары қалыпты.

Жансақтау бөлімінен палатаға шығарылған екі әйелге бөгде адамдар жіберілмейді. Тіпті туыстарына да кіруге рұқсат жоқ. Хирург-трансплантолог Ермахан Асылханұлының айтуынша, мұндай науқастар үшін отадан кейінгі оңалту шаралары өте маңызды. 46 жастағы Гүлмира бүйрегінде ақау бар екенін 2009 жылы білгенін айтады. Жыл сайын жағдайы нашарлаған ол жасанды бүйрек аппаратынсыз тұра алмайтын жағдайға жеткен.

Ал 42 жастағы Баянға 2012 жылы да мәйіт донордың бір бүйрегі салыныпты. Бірақ, арада үш ай өткен соң донор бүйрегін алып тастауға мәжбүр болған.

Ақтөбе облысының бас хирургы Ерлан Сұлтангереевтің сөзіне қарағанда, облыс аумағында бүйрек ауыстыру тапшы. Кезекте тұрған 160 науқас бар екен. Трансплантация жөніндегі аймақтық координатор Валентина Арыстанованың айтуынша, адам тірі кезінде донорлықтан бас тартып артына құжат қалдырмаса, оның ішкі ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз-ақ алуға болады. Бірақ, “Халық денсаулығы” кодексінің 169 бабы бойынша дәрігерлер мәйіттік донордан орган алатын болса жақындарының келісімі керек екені де көрсетілген. Валентина Арыстанова жергілікті халықтың менталитетін, діни ұстанымын ескере отыра туыстарының алдынан өткенді жөн көретінін айтады.


Дәрігерлердің айтуынша мәйіттік донорлардың тапшылығына қайтыс болған адамның туыстарының қарсылығы да әсер етіп келеді. Әзірге бұл мәселеге қатысты жұрттың көзқарасы енді ғана қалыптасып келеді.

Соңғы жаңалықтар