Ақтөбе облысының бас дәрігері олай-бұлай болған жағдайда өз ағзасын донорлыққа беруге келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының бас дәрігері олай-бұлай болған жағдайда өз ағзасын донорлыққа беруге келісті

Ақтөбе облысының бас дәрігері олай-бұлай болған жағдайда өз ағзасын донорлыққа беруге келісті

Ақтөбедегі донорлыққа қатысты дау шенеуніктерді түрлі амалдарға жетелеуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тіпті мәйіттік донор боламын деп жар салды.

  • 28 Маусым 2017
  • 1668
Фото - Caravan.kz


Әсет Қалиев өлген соң ішкі ағзасын өзге науқастардың қажетіне жаратуға келісім беріп, әріптестеріне қолхат жазған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ең қызығы, мұндай құжат толтырмаса да мәйіттен ағза алуға болатынын бұған дейін шенеуніктердің өздері түсіндірген. Ал дауға себеп болған Серікболсын Көшербай есімді жас жігіттің екі бүйрегі. Төбелес кезінде басынан зақым алып қайтқан марқұмның ішкі ағзасын жергілікті дәрігерлер басқа науқасқа салып берген. Кейін рұқсат сұрамады деп марқұмның жақындары дау шығарған болатын. Олар тіпті облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, миллион теңге моралдық шығын талап етуде. 

Соңғы жаңалықтар