Ақтөбе полицейлері кеңес кезіндегі ерікті халық жасақтарын қайтадан құрмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе полицейлері кеңес кезіндегі ерікті халық жасақтарын қайтадан құрмақ

Ақтөбе полицейлері кеңес кезіндегі ерікті халық жасақтарын қайтадан құрмақ

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына аптасына екі рет көшеде кезекшілік ету жөнінде ұсыныс тастады. Полицейлер Кеңес дәуіріндегі ерікті халық жасақтарын қайта жандандырғысы келеді.

  • 19 Қазан 2017
  • 157
Фото - Caravan.kz

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жақсығалиев қаладағы жағдайдың тұрақты екенін айтты. Дегенмен, тұрғындардың да көмегі артық болмайтынын алға тартты.

«Қоғамдық тәртіпті орнатуда ерекше белсенділік танытқан азаматтарға тоқсан сайын 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде сыйақы төленеді. Мадақтау қағаздары бар», — деді Жергілікті полиция қызметінің бастығы.


Соңғы жаңалықтар