Ақтөбеде дәретхана арқылы қашқан әскери бөлімнің екі майорына сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде дәретхана арқылы қашқан әскери бөлімнің екі майорына сот үкімі шықты

Ақтөбеде дәретхана арқылы қашқан әскери бөлімнің екі майорына сот үкімі шықты

Ақтөбеде бүгін 2016 жылдың маусым айындағы қарулы шабуылға қатысты айыпталған азаматтар - ұлттық гвардияның Ақтөбедегі 6655-әскери бөлім

  • 18 Қаңтар 2017
  • 884
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде бүгін 2016 жылдың маусым айындағы қарулы шабуылға қатысты айыпталған азаматтар — ұлттық гвардияның Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімінің майорлары Қайнарбек Тастамбеков пен Қайырғали Оразжановқа сот үкімі шықты, деп хабарлады Азатттық радиосы. 

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Бекболат Тәжімұқан "әскери жарғы тәртібін бұзды" деп айыпталған Тастамбековті 4 жыл 6 айға, Оразжановты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, екеуін де майор әскери шенінен айыру туралы үкім кесті. Сотталғандар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтемек.

Сот үкімі әскери бөлімнің клубында өтті. Үкімді тыңдауға әскери бөлім офицерлері де қатыстырылды.

Қайнарбек Тастамбеков пен Қайырғали Оразжанов шабуыл жасалған күні бөлімде кезекші болған.

Қайнарбек Тастамбеков кеше соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейтінін мәлімдеген. Майордың сөзіне қарағанда, ол "басшылары мен күштік құрылымдарды дер кезінде xабардар еткен, екі патроны қалғанша атысып, шабуылшыларға қарсылық көрсеткен".

Ал Қайнарбек Тастамбековтің көмекшісі болған Қайырғали Оразжанов соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты ішінара мойындайтынын айтқан.

Мемлекеттік айыптаушы Төрәлі Бәкіров бұған дейін екі офицер "өз өмірлері үшін алаңдап, әжетханаға барып бас сауғалағанын, "осылайша олар әскери жарғының тәртібін бұзып, әскерилердің имиджіне нұқсан келтірді" деп санайтынын айтқан. Ол соттан Қайнарбек Тастамбековті үш жылға соттауды, Қайырғали Оразжановты екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұраған.


Ақтөбеде 2016 жылы маусымның 5-інде 30 шақты адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операция кезінде "діни радикал", "қарулы шабуылшы" деп сипатталған 18 адамның көзі жойылып, 20 шақты адам ұсталған.

Ақтөбедегі атысқа байланысты 29 адам сотқа тартылған. Оның 9-ы – түрлі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары үшін, 18-і – дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны үшін, екеуі – қылмысты жасырып қалғаны үшін екі жылдан бастап өмір бойына дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Соңғы жаңалықтар