Ақтөбеде май шығаратын зауытта улы газ тарап, бір адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде май шығаратын зауытта улы газ тарап, бір адам қайтыс болды

Ақтөбеде май шығаратын зауытта улы газ тарап, бір адам қайтыс болды

Ақтөбеде сұйық май шығаратын зауыттың бас инженері улы газға тұншығып көз жұмды. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеп отыр. Одан өзге де бес жұмысшы күкіртсутегіне уланып қалған.

  • 25 Мамыр 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz

Қазір кәсіпорын аумағына ешкімді аттап бастырмайды. Тек экологтар мен еңбек инспекторлары мұндағы ауаның қауіпсіздігін тексеріп жүр. Өйткені, таң атысымен қалдық жинайтын цехты тексеруге кірген зауыттың инженер-экологы Ислам Көпеков, табалдырықтан атаған бойда есінен танып құлапты. Уланған оның бетін ауруханада әрең бері қаратқан. Артынша құлап жатқан маманға көмекке келген бас инженер Валерий Сергулов та сол жерде талып қалады. Ол ауруханаға жетпей жан тапсырған. Тағы үш жұмысшы да күкірттісутекке тұншығыпты. Қайта, сүйретіліп сыртқа шығып үлгерген екен. Қазір комиссия улы газдың қайдан тарағанын тексеріп жатыр. 

Бауыржан Оразаев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:

— Уланған үш жұмысшының жағдайы жақсы. Олармен өзім зауытта кездестім. Ал, осы оқиға бойынша комиссия құрылды. Онда тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілдері де болады. Өйткені тараған удың көлемін, қайдан шыққанын анықтауымыз керек. 

Соңғы жаңалықтар