Ақтөбеде полиция көлігі аударылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде полиция көлігі аударылып қалды

Ақтөбеде полиция көлігі аударылып қалды

Ақтөбеде полиция көлігі аударылып қалды. Кеңес Нокин даңғылындағы жол апаты кезінде жеңіл көлік иесінің жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

  • 2 Тамыз 2017
  • 216
Фото - Caravan.kz

Ақтөбенің Кеңес Нокин даңғылындағы жол апаты кезінде полиция көлігі аударылып қалды.

«Ваз-2114» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Шернияз көшесінен Жанқожа көшесіне бағыт алған кезде жол ережесін бұзды. Ол жол бойында қауіп төнгеніне қарамастан жылдамдықты төмендетпеген. Салдарынан жол-патрульдік полициясының көлігіне соқтығысып, көлік аударылып қалды. Жол-көлік апаты кезінде жеңіл көлік иесінің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот медициналық сараптама кезінде 28 жастағы жол-патрульдік полиция қызметкері мен жеңіл көлік иесі ішімдік ішпегені анықталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.   


Соңғы жаңалықтар