Жарияланды: 327

Ақтөбеде қайтыс болған әйел 7 адамға өмір сыйлады

Ақтөбеде қайтыс болған әйел 7 адамға өмір сыйлады

Ақтөбеде инсульттан көз жұмған 45 жастағы әйел 7 адамға донор болды деп жазады Aktobe News. Марқұмның туыстары оның органдарын өзге науқастарға беруге келісімін берген.

Қайтыс болған әйелдің бауыры, бүйректері, өкпесі және көздері 7 адамға өмір сыйлаған. Оның бір бүйрегі 36 жастағы әйелге, екіншісі 58 жастағы ер азаматқа беріліпті. Науқастардың екеуі де бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған екен. Ал, марқұмның қалған органдары шұғыл түрде Астанаға жіберілген.

Айта кетейік, Ақтөбеде ағза алмастыру операциясы ең алғаш рет 3 жыл бұрын жасалды. Сол уақыттан бері 24 науқастың бүйрегі, 7 науқастың бауыры алмастырылған.

"Ағза алмастыру операцияларының 83 пайызы - тірі адамдардың донор болуы, қалған 17 пайызы - қайтыс болғандардың донорлығы. Әлі 400-ге жуық ақтөбелік орган алмастыру үшін кезекте тұр. Көбісі бүйрек пен бауыр алмастыруға мұқтаж", - дейді облыстың дәрігерлері.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]