Ақтөбеде содырлардың өкініп жылағанын көрсететін деректі фильм жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде содырлардың өкініп жылағанын көрсететін деректі фильм жарыққа шықты

Ақтөбеде содырлардың өкініп жылағанын көрсететін деректі фильм жарыққа шықты

«Оразадағы ойран» деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген.

  • 17 Желтоқсан 2016
  • 3831
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның денесі тітіркенеді. Осыдан-ақ Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың бейқам көңілді баланы да аямағанын байқаймыз. Осы күнге дейін еш жерде көрсетілмеген бұл бейнекадрларды «Оразадағы ойран» атты деректі фильмде қолданған. Жергілікті билік пен құзырлы органдар туынды арқылы маусымдағы лаңкестік оқиғаның қалай болғанын және басты кейіпкердің кім екенін ашық жариялауды жөн деп шешіпті.

Қару-жарақ дүкенінен бастап, әскери бөлімге де шабуыл жасағандар сол күні Дмитрий Таңатаровтың шілдеханаға шақырғанын айтады. Жалдамалы пәтерде дәм ауыз тигізіп, бір сағат бойы жиһад жайында уағыз айтыпты.

"Тамақтандырған соң телефондарын алып алған. Кейін өшіріп тастаған" дейді Асхат Рахметов.

Қазір лаңкестер атысқа не итермелегенін нақты айта алмайды. Бірі уағызға ұйығанын айтса, бірі су ішкен соң есімізден адастық деп отыр. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткені содырлардың қан құрамынан естен тандыратын амфетин мен петанил табылған. Десе де, олар хақ діннің жолынан тайғандарын мойындайды.

"Намазда жүрген бауырларға айтарым, қателеспеңдер. Адам өлтіріп, жәннатқа түсу мүмкін емес" деді содырлардың бірі Әлібек Ақпанбетов көзіне жас алып.


Содырлар осылай деп, көздерінен жастарын сорғалатып, халықтан кешірім сұрады. Енді өкінгенімен атыста тірі қалған жетеуі өмір бойы бостандық көрмейді. Әйтсе де еркіндікте қалған балалары үшін алаңдайды екен. 

"Отырмын алдарыңызда. Мама, кешір. Балаларыма қарашы" деп жылап жіберді Бақыт Қуанышбаев та.

«Оразадағы ойран» деп аталатын бұл деректі фильм Ақтөбедегі жергілікті арналар мен ғаламтордағы сайттар арқылы көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік енді оны жастар арасындағы лаңкестікпен  күресу құралы ретінде қолданбақшы. Ол үшін аймақтағы барлық оқу орындарында көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар