Ақтөбелік шаруалар пайдалана алмаған жерлерін мемлекетке қайтарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік шаруалар пайдалана алмаған жерлерін мемлекетке қайтарып жатыр

Ақтөбелік шаруалар пайдалана алмаған жерлерін мемлекетке қайтарып жатыр

Биыл Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 38 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

  • 5 Шiлде 2017
  • 328
Фото - Caravan.kz

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма жерді мақсатты пайдаланбаған шаруаларға айыппұл салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын басқарма сотқа арыз түсіріп, бос жатқан жерлерді қайтарып жатыр.

«Биыл 126 агроқұрылымға бақылау жүргізіп, жердің пайдаланылуын қарап шықтық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 38 мың гектар жерді шаруалар өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды. Сонымен қатар, 14 шаруаға 2 миллион теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта үш шаруашылық бойынша әкімшілік іс сотта қаралып жатыр. Жерді мақсатты пайдаланбай отырған шаруалар өз еркімен мемлекет меншігіне жерді қайтармаса, мәжбүрлеп қайтару үшін талап-арызды экономикалық сотқа жолдаймыз. Қазір Байғанин мен Мәртөк ауданындағы шаруалардың жерін қайтару ісі сотта қаралып жатыр», — деді Ақтөбе облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы Абдуахат Мырзалин.

Айта кетейік, мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы 56 мың гектардан астам жердің тек 21 мың гектары қайта айналымға енгізілген. Өзгесі аудан, қаланың босалқы жер қорында тұр. 


 

Соңғы жаңалықтар