Әсет Исекешев елорданың маңызды нысандарының жұмысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Исекешев елорданың маңызды нысандарының жұмысымен танысты

Әсет Исекешев елорданың маңызды нысандарының жұмысымен танысты

Әсет Исекешев елорда әкімі қызметіне тағайындалған күннен бастап қаланы аралап, көшпелі отырыстар өткізуде. Әкім Астананың барлық аудандарында болып, тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды нысандарымен танысып, көшелерді тексерді.

  • 30 Маусым 2016
  • 445
Фото - Caravan.kz

Елорда өміріне қатысты кез келген мәселе қала әкімдігінің отырыстарында егжей-тегжейлі зерттеліп, қаралатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшысы алдымен Талдыкөлге ат басын тіреді. «Бұл мәселе үнемі бақылауда болуы шарт. Мемлекет басшысы алға қойған міндет мерзімінде орындалуы тиіс», — деді Ә.Исекешев. Астана әкімі көлді тазарту бойынша атқарылған жұмыстармен, соның ішінде су тазарту бойынша қосымша құрылыстарды салу және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, былтыр Талдыкөлге шығарындылар жіберу тоқтатылған, жыл соңына дейін су түбі толықтай тазартылмақ.

Сонымен қатар, әкім қала тіршілігін қамтамасыз етудің басты нысандарының бірі ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те болып, елорданың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. 2016-2017 ж.ж. жылыту маусымы басталғанша ЖЭО-2-де қуаттылығы 220 Гкал құрайтын №5, 6 және қуаттылығы 180 Гкал болатын №7 қазандық агрегаттарын іске қосу көзделген, бұл осы жылы жалпы жылу қуаттылығын 400 Гкал-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеді. ЖЭО-3-тің бірінші кезегінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Астана қаласының энергетика басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаевтың айтуынша, кәсіпорынның табысы тұтастай инвестициялық бағдарламаларға бағытталған. Іс жүзінде аталған нысандар өзін-өзі қамтамасыз етіп, бюджет қаржысын шығындамайды. Бұған қоса, ЖЭО-3-тің екінші кезеңі МЖӘ шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Ә.Исекешев энергия көздерін қалпына келтіру мен салу кез келген қала, әсіресе, Астана үшін маңызды стратегиялық міндет болып табылатынын атап өтті.


Қазіргі кезде ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те жүргізіліп жатқан жұмыстар жылу шығару тапшылығын өтеп, Астананың барлық аудандарын үздіксіз және сенімді жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар