Жарияланды: 421

Ашхабад полициясы «нашар» киінген азаматтарды ұстап жатыр

Ашхабад полициясы «нашар» киінген азаматтарды ұстап жатыр

Ашхабад полициясы көшеде қалай болса, солай киінген ұқыпсыз адамдарды ұстап жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Түрікменстан қызметі дереккөзіне сілтеме жасап. Онда ұсталған азаматтардың жеке куәліктерін арнайы қызмет өкілдері тексеріп, астаналық тіркелу құжаты болмаған азаматтарды келген аймақтарына қайтарып жатқан көрінеді.

Түрікменстанның басқа аймақтарында тұратын азаматтарға ел астанасына келіп, жұмыс істеуге 2015 жылдан бері тыйым салынған. Ашхабад билігі облыстық нөмірі бар автокөліктерге де кіруге рұқсат бермейді. Тәртіпті бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Сонымен бірге президенттің жарлығы бойынша, облыс тұрғындары еңбек етуге ресми рұқсат алғаннан кейін барып, жұмысқа алынады.

Ашхабадта кезекті тексеру шаралары биыл қыркүйек айында елде өтетін Азиада-2017 халықаралық спорт жарысы қарсаңында басталған.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]