Әскери сот Дүтбаев жазасының өзгермегенін растады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери сот Дүтбаев жазасының өзгермегенін растады

Әскери сот Дүтбаев жазасының өзгермегенін растады

Қазақстан Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдолла Азаттықтың сауалына жолдаған хатында "Әскери соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы Ақмола гарнизонының Нартай Дүтбаев, Раис Мұратовқа қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырғанын" хабарлады. "Сотталушылар Ерлан Нұртаев пен Нұрлан Хасенге рақымшылық туралы заң бойынша жазаларының өтелмеген бөлігінің төрттен бірі азайтылды" делінген Әскери соттың хатында.

  • 23 Қазан 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

"Дүтбаев ісі" бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымын қарау 11 қазанда басталып, 18 қазанда сот шешімі оқылған. Азаттық сот шешімі туралы Дүтбаевтың туыстары мен адвокаттарына сілтеме жасап хабарлаған.

Дүтбаев апелляциялық шағымында соттан өзіне шығарылған айыптау үкімін "негізсіз" деп танып, жоюды сұраған. Апелляциялық шағымды қарауға Дүтбаевтың өзі мен басқа да сотталушылар қатыстырылған жоқ. Олар бұған дейін апелляциялық сотқа өздерін де қатыстыруды сұраған.

Ақмола гарнизонының әскери соты 2017 жылы 24 тамызда Нартай Дүтбаевты "мемлекеттік құпияны жариялау" және "қызмет бабын асыра пайдалану" айыптары бойынша жеті жарым жылға соттаған. Нұрлан Хасен бес жылға, Ерлан Нұртаев үш жарым жылға, Раиса Мұратова бес жылға сотталған.

Бичурина 4 қазанда Facebook пен YouTube-те Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видео үндеу жариялаған. Ол ҰҚК жұбайын "күйеубаласы мен ағасының баласын қудалаудан құтқару үшін жасамаған қылмысын мойнына алуға мәжбүрлегені" туралы мәлімдеген.


Астана соты 28 қыркүйекте Рүстембек Дүтбаевты екі ай мерзімге қамауға алғаны белгілі болған. Кейін белгілі болғанындай, Рүстембек және Нартай Дүтбаевтар және парламенттің бұрынғы депутаты Орынбасар Қалқабаев ҰҚК-нің республикалық "Казимпэкс" орталығының мүлкін жымқырды деген күдікке ілінген. Қалқабаев 2002-2004 жылдары "Казимпэкс" ашық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар