Астана әкімдігінде аппарат басшысы және екі басқарма басшысы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігінде аппарат басшысы және екі басқарма басшысы ауысты

Астана әкімдігінде аппарат басшысы және екі басқарма басшысы ауысты

Қала әкімі Әсет Исекешев Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы етіп Берік Жәкеновті тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы әкімдіктің сайты хабарлады.

  • 11 Қазан 2016
  • 591
Фото - Caravan.kz

Берік Оралұлын 1978 жылы 25 тамызда Астанада дүниеге келген. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында салық полициясы органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының салық органдарында көп жыл еңбек еткен, Астана қаласы бойынша салық комитетінің ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы болған.

2009 жылы Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, содан кейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып істеген.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. 2015 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.


Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің өкімімен Асхат Жиенбайұлы Қарағойшин Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып және Назымбек Әміржанұлы Кенжебаев Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалануды бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Екеуінің де мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу тәжірибесі мол: А.Қарағойшин 2010 жылдан, Н.Кенжебаев 2007 жылдан бастап аталмыш мекеме басшыларының орынбасары болып қызмет еткен. 

Соңғы жаңалықтар