Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне кірді

Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне кірді

Қазақстанның елордасы Астана қаласы мен Алматы мегаполисі ТурСтат сараптамалық агенттігінің 2017 күздегі саяхаттауға қолайлы ТМД қалаларының ішінде ресейлік туристтерге танымал ондығының алғашқы бестігіне кірді.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 1069
Фото - Caravan.kz

2017 жылдың күзіндегі туристтерге танымал ТМД қалалары:

1. Минск (Беларусия)

2. Астана (Қазақстан)

3. Баку (Әзірбайжан)

4. Ереван (Армения)

5. Алматы (Қазақстан)

6. Ташкент (Өзбекстан)

7. Ашхабад (Туркменстан)

8. Киев (Украина)

9. Кишинев (Молдова)

10. Бішкек (Қырғызстан)

"Бұл рейтинг туристтерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды", — деп түсіндірді агенттік. 

ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристтер Минск қаласына күз мезгілінде орта есеппен алғанда 2,5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 70 доллар жұмсайды. 

Туристтер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар — Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты — Астана мен Баку.


"Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку — 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван — 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы — 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент — 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад — 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев — 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев — 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек — 1 күн, тәулігіне 32 доллар", — деп көрсетті агенттік. 

 

Соңғы жаңалықтар