Астана орталығында алапат өрт шықты. - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана орталығында алапат өрт шықты.

Астана орталығында алапат өрт шықты.

Астана орталығында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 2 Мамыр 2017
  • 412
Фото - Caravan.kz

"Асыл Тас" тұрғын үй кешенінде өрт шыққан. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйдің сыртқы қабатының тысындағы жылытқышы тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ — 40 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметі тартылған.

"2 мамырда сағат 13.17-де Астананың Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан "Асыл Таста" 3-4-қабат деңгейінде керамогранит жабындысының астындағы жылытқыш өртенгені жайлы хабар келіп түсті. Өрт 13.41-де сөндірілді. Өрт шалған аумақ — 40 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 22 адамы мен елордалық өрт сөндіру қызметінің 5 дана техникасы жұмылдырылды , — деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 
 


Соңғы жаңалықтар