Жарияланды: 280

Астана орталығында жезөкшелердің пәтері анықталды

Астана орталығында жезөкшелердің пәтері анықталды

Астаналық полицейлер қала ортасынан интим қызметтер үшін жалға берілген пәтерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, Қонаев көшесіндегі пәтер көршілердің шағымынан кейін тексерілген. Тексеріс кезінде пәтердің интим қызмет көрсетушілерге тәулікке жалға берілетіні белгілі болды. 

Жалға берушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") бойынша хаттама толтырылды. Кейін сот шешімімен пәтер иесіне 150 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жеке кәсіпкерлігі бір айға тоқтатылды. 

Сонымен қатар, полицейлер жыл басынан бері 40 мың ұсақ әкімшілік құқықбұзушылық анықтаған. 

Соның ішінде, қоғамдық орында алкоголь ішімдіктерін ішу мен мас күйде болғаны үшін 6 600 адам. Ұсақ бұзақылық үшін 1 600 адам. Тыйым салынған жерде темекі шеккен сегіз мыңнан астам адам жауапқа тартылған. 
 

Пікір қалдырыңыз

[X]