Астанада 42 жастағы әйел сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 42 жастағы әйел сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

Астанада 42 жастағы әйел сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

Астана қалалық Ішкі істер департаментіне бір ЖШС-тің басшысы 7 желтоқсанға қараған түні белгісіз біреу сейфтен ақша ұрлағаны туралы арызбен келген.

  • 12 Желтоқсан 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

Астаналық полицейлер ірі сомадағы қаржыны ұрлаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews  Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыскерді қолға түсірудің кешенді шарасы қарастырылды. 10 желтоқсан күні Павлодардағы жедел-іздестіру іс-шарасында Астана полицейлері 42 жастағы әйелді ұстады", — деп хабарлады полицейлер.

Тергеу барысында қолға түскен азаматша сәйкес келген кілтпен сейфті ашып, 10 миллион теңге көлемінде ақшаны ұрлағаны туралы куәлік берді.


Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабындағы 4 тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына тіркелді. Қолды болған заттар иесіне қайтарылып, тергеу жүргізіліп жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар