Астанада 60 жұмыс берушіге білім саласындағы 500-ден аса қызметкер керек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 60 жұмыс берушіге білім саласындағы 500-ден аса қызметкер керек

Астанада 60 жұмыс берушіге білім саласындағы 500-ден аса қызметкер керек

Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында білім саласындағы бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтеді.

  • 4 Тамыз 2017
  • 1033
Фото - Caravan.kz

Шараға 60 жұмыс беруші шақырылды, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Оған қоса Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.

Оның мақсаты – елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру. 


Бос орындар жәрмеңкесі Астана ққаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. 

Соңғы жаңалықтар