Жарияланды: 280

Астанада демалыс күндері Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

Астанада демалыс күндері Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

12-13 тамызда Астанада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді.

Жалпы 60 теңге сомасына 266, 5 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілмек. Оның ішінде: күріш – 60 т, ет өнімдері – 4,5 т, сүт өнімдері – 3,5 т, жеміс пен көкөніс – шамамен 139 т, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

30-ға жуық кәсіпорын азық-түлік өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.  

Келесі демалыста Атырау, Павлодар, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді.

Пікір қалдырыңыз

[X]