Жарияланды: 209

Астанада дінбасылардың кезекті басқосуы өтуде

Астанада дінбасылардың кезекті басқосуы өтуде

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне дайындық шаралары пысықталмақ. Атап айтқанда, съездің нақты уақытын белгілеу көзделіп отыр. Бұған дейін VI съезді 2018 жылы өткізу туралы жоспар болған. Алайда аталған шараның нақты мерзімі белгіленбеді. Сондай-ақ, бүгінгі отырыста дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін «Астана» халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Құрмет медаліне ұсынылған үміткерлер мәселесі талқыланатын болады.

Бүгінгі отырысқа Әл-Азхар Жоғарғы имамының сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі Әбділрахман Мұса, Дүниежүзілік Ислам лигасы Бас хатшысының кеңесшісі Мункиз Ас-Сакар, Сауд Арабиясы Корольдігі Ислам, вакуфтер және үндеу істері жөніндегі министрінің кеңесшісі Абдулла ибн Фахд әл- Лхидан, Иран Ислам Республикасының мәдениет және исламдық байланыстар жөніндегі ұйым президентінің орынбасары Гахраман Солеймани, Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммад Зия Уль-Хак, «Нұр-Мүбәрак» Мысыр Ислам университетінің ректоры Гоуда Басиуни, Франция метрополиті Эммануил Адамакис, Армян Апостол шіркеуінің украиндық епархиясының жетекшісі Маргос Оганесян, Бэдфорд епископы Ричард Аткинсон, сондай-ақ Қазақстандағы дінбасшылар мен осы саладағы шенеуніктер қатысуда. 


 

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]