Жарияланды: 210

Астанада ер адам 14 келі нашамен ұсталды

Астанада ер адам 14 келі нашамен ұсталды

Астанада арнайы операция кезінде көлігінен 14 келіден астам наша табылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.


Астана бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлерімен бірге саяжайлардың бірінен Mazda 323 көлігінің иесі, Жамбыл облысының 39 жастағы тумасын ұстады. Көлікті тексеру барысында 14 килограмнан астам наша табылған, мұндай көлемдегі есірткілік затты 30000 дозаға бөлуге болады. Ұсталған азамат есірткіні елорда аумағында сатуды көздеген, нашаның жалпы құны 11 миллион теңгені құрайды. Аталған факт сот алды тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Пікір қалдырыңыз

[X]