Астанада көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды

Астанада көліктің нөмірін шешіп алған полицейге 2 млн теңге айыппұл салынды

Астана қаласында қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы пара алу мақсатында көліктің нөмірін шешіп алған.

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 145
Фото - Caravan.kz

Сот оның бұл әрекетін заңсыз деп танып, үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Астана қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Астана қаласындағы қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторы Ә. көліктің нөмірін шешіп алып, оны қайтару үшін ақша талап еткен. Алайда, жүргізуші ешқандай құқық бұзушылықсыз ақша талап еткен полицей туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арыз жазып, шағымданған. Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының үкімі бойынша инспектор Ә.-ға қатысты ҚР ҚК 366 бабы 2 бөлімімен қарастырылған құқық бұзушылық үшін оған 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бұрынғы полиция қызметкері енді өмір бойы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар