Астанада өзен таксилері пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өзен таксилері пайда болады

Астанада өзен таксилері пайда болады

Келесі жылы елорданың Есілде өзен вокзалы пайда болады. Сондай-ақ өзендегі такси қызметін де іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

  • 25 Мамыр 2017
  • 397
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» (судоходный Есиль) жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның бірі – Есілдегі кемежай, яғни өзен вокзалын ашу. Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді, ол Ш.Бейсекова көшесінің төменгі жағында болмақ», — деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады.

«Сондай-ақ  2015 жылы шілдеде Есіл өзені Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді. Сондықтан, біз бұл жаңалықпен мақтана аламыз. Жобаның тағы бір мақсаты — Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8  адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады», — деді ол.


Соңғы жаңалықтар