Астанада өзін өртеймін деп қорқытқан үлескер, ақшасын қайтарып алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өзін өртеймін деп қорқытқан үлескер, ақшасын қайтарып алатын болды

Астанада өзін өртеймін деп қорқытқан үлескер, ақшасын қайтарып алатын болды

2016 жылғы 4-5 шілдеде әлеуметтік желілерде «Нұр Бесік» («Көктал-1» тұрғын алабы Басықара батыр көшесі, «Ата-Кент» ТҚК, салушы «Асар» РҚБ) тұрғын үй кешенінің құрылысына және үлестік құрылысқа қатысушы О. Цветковаға қатысты мәселе талқыланып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. 

  • 5 Шiлде 2016
  • 422
Фото - Caravan.kz

Хабарламаға сәйкес, Цветкова О. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық комиссияға тұрғын үй құрылысына салған 7,7 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын қайтару туралы өтініш берген.

ВАК отырысында ТҚК төрағасы Бодаухан Қайраттың ақша қаражатын қайтару мәселесі шешілгенге дейін О. Цветкованың уақытша баспанамен қамтамасыз етілгені туралы өтініші ескерілді. Салушы ВАК-қа өтініш берушінің барлық ниет-тілектерін ескеріп, қабылдады. Төрт айдың ішінде салушы тұрғын үй жалдағаны үшін 300 мың теңгеге жуық төлейді.

Қазіргі кезде салушыға тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін қажетті рұқсат құжаттары берілді.

Бүгінде салушының атынан Қ. Бодаухан мен азаматша О. Цветкованың арасындағы кездесуде үлестік құрылысқа салынған ақша қаражатын 2016 жылғы 12 шілдеге дейін қайтару туралы шешім қабылданды. Салушы қарызды өтеу туралы қолхат-міндеттеме берді және Астана қаласының әкімдігінің қатысуынсыз барлық проблемалық мәселелерді өз бетінше шешті.


Астана қаласының әкімдігі әрқашан да алданған азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғайтын болады, сонымен қатар, азаматтарды арандатушылық әрекеттерге берілмей, тек ресми ақпаратқа ғана жүгінуге шақырады

Соңғы жаңалықтар