Астанада пайдаланылмаған 538 жер телімі қайтарылып алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада пайдаланылмаған 538 жер телімі қайтарылып алынады

Астанада пайдаланылмаған 538 жер телімі қайтарылып алынады

[wpcode id="1694287"] 2016 жылы жер учаскелерінің жалға алу құқығын сату бойынша 13 аукцион ұйымдастырылды және өткізілді, деп хабарлай

  • 31 Қаңтар 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz


2016 жылы жер учаскелерінің жалға алу құқығын сату бойынша 13 аукцион ұйымдастырылды және өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы 114 жер учаскесінің жалға алу құқығын сату бойынша 13 аукцион ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде, 74 учаске бойынша келісім-шарт және ақысын толық төлеу жасалды.

Өткізілген аукциондардан 2016 жылы жалпы нақты түсім 615,1 млн.тг. құрайды, одан әрі, сатылған жер учаскелері бойынша бюджетке болжамды және күтілетін түсімдер – 12,8 млн.тг.

Жеке тұрғын үй құрылысы және жер құқық қатынастарына байланысты 229 сұрақ өнделді. 2012 жылдан бастап бүгінгіге дейін қала аумағында 16 мың га ауданында 1084 пайдаланылмайтын жер, олардың ішінен қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша ауданы 6 мың га жердегі 269 учаске мемлекетке қайтарылды; ауданы 2,6 мың га жердегі 277 учаске бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелерін игеруге кірісті; қалған 7,4 мың га ауданындағы 538 жер учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірге қолданылмаған жерлерді алып қоюды жүзеге асыру жөніндегі жол картасы әзірленді және бекітілді.

Соңғы жаңалықтар