Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы басталды

Келелі басқосуға 1,5 мың адам қатысып жатыр. Олардың арасында еліміздің барлық аймағынан келген ардагерлер, этномәдени бірлестік төрағалары, депутаттар, орталық атқарушы органдар мен саяси партия өкілдері бар.

  • 26 Сәуiр 2017
  • 322
Фото - Caravan.kz


Шараны Ассамблеяның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашып берді. Айта кетейік, 1992 жылы Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастама көтерді. Араға 3 жыл салып ұйым Президент жанындағы консультативті-кеңесші органға айналды. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін құрметтей отырып, оның дамуына қажетті жағдай жасау Мемлекет басшысының Ассамблеяға жүктеген негізгі міндеті еді. Бүгінде бұл тапсырма орындалды. Қазақстанда 800-ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Өзге ұлт өкілдері өз тілінде газет-журнал, телерадио хабарларын таратып жатыр. 80-нен аса мектепте білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ, орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс ұлттық театрлары жұмыс істейді. Осылайша елімізде діні, тілі, ділі бөлек болса да, Отанға деген сүйіспеншіліктің арқасында жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.

 

Соңғы жаңалықтар