Астанада Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Астанада Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Астанада Есеп комитетінің басшысы болған Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ті

  • 14 Ақпан 2017
  • 374
Фото - Caravan.kz

Астанада Есеп комитетінің басшысы болған Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтіп жатыр. Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасуға мемлекеттік қайраткерлер мен Парламент депутаттары келді. Ол Ұлттық пантеонда жерленетін болады.

Еске сала кетейік, Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 12 ақпанға қараған түні қайтыс болған еді.


Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы 1960 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда Елбасы Жарлығымен тағайындалған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар