Астанада жоғалған спортшы қыз Қарағанды облысынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жоғалған спортшы қыз Қарағанды облысынан табылды

Астанада жоғалған спортшы қыз Қарағанды облысынан табылды

Астанаға жарыстардан оралған соң жоғалып кеткен 16 жастағы спортшы қыз табылды. "Астана полицейлері кәмелет жасына толмаған Маликаның қайда екенін анықтады. Ол Астана қалалық аймақтық ІІБ-не жеткізілді. Ресми өкілдерінің қатысуымен одан жауап алынып жатыр. Қарағанды облысына достарымен бірге қонаққа кетіпті", - деді ІІД өкілдері. 

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 721
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Еске салайық, 16 жастағы Малика Досымжанованы елордалық ІІД полицейлердің іздеу шараларын бастап кеткенін мәлімдеген еді.Әлеуметтік желіде, қыздың туыстары оның жоғалып кеткені туралы мәліметтер таратып жатыр. Хабарландыруда Маликаны соңғы рет 27 қарашада темір жол вокзалында көргені жазылған. Ол Арқалық-Астана бағытында жүретін пойыздан түсіп, автобус аяладмасына қарай бет алған, алайда үйіне оралмаған. 

Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар