Жарияланды: 100

Астанада зымыран қалдықтары құлайтын жер беруге қарсылық танытты

Астанада зымыран қалдықтары құлайтын жер беруге қарсылық танытты

Астанада сәрсенбіде Торғай қаласынан келген он шақты белсенді "Бәйтерек" кешенінің жанына жиналып, Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың атына "зымыран қалдығы үшін бөлінетін 76 мың гектар жерді жалға бермеуді талап етіп, наразылық хатын тапсырды.

Хатта белсенділер өздерін Қостанай облысының Жанкелдин ауданы аумағынан Байқоңырдан ұшырылатын "Союз" зымырандарының қалдықтары құлайтын жер берілетіні туралы ақпарат алаңдатып отырғанын айтқан. Белсенділер 6 қазанда Торғайда өткен жиында Бейбіт Атамқұловтың "зымыран зиянсыз отынмен ұшады" деген сөзіне дәлел келтірмегенін айтып, зымыран қалдықтарынан зиян келмейтініне күмән келтіреді.

Бұған қоса белсенділер зымыран қалдықтарына арналған жер үш жылға жалға берілетінін айтып, "Бұдан соң ол мерзім ұзартылуы мүмкін бе?" деп сұраған. Хатқа қол қойғандар жерді жалға бергені үшін Жанкелдин ауданына жылына төленеді делінген 152 миллион теңге бағаның қайдан алынғанын сұрайды.

Пікір қалдырыңыз

[X]