Астанаға газ тарту мәселесi әлi шешiлген жоқ – Бозымбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға газ тарту мәселесi әлi шешiлген жоқ – Бозымбаев

Астанаға газ тарту мәселесi әлi шешiлген жоқ – Бозымбаев

Астана қаласына газ тарту мәселесi әлi шешiлген жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәсл

  • 21 Тамыз 2017
  • 253
Фото - Caravan.kz

Астана қаласына газ тарту мәселесi әлi шешiлген жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазтрансгаз» ұлттық компаниясы техникалық-экономикалық негiздеме дайындады. Бұл негiздеме мемлекеттiк сараптамадан өттi. Онда Қызылорда облысынан Қарағанды облысы арқылы Астанаға қарай газ құбырын тарту көзделген. Құбырдың жалпы ұзындығы шамамен 1 800 шақырымды, қуаттылығы жылына 3 млрд текше метрді, ал бағасы 260 млрд теңгенi құрайды» , — деді министр.

Қанат Бозымбаев жоба министрлік деңгейiнде жан-жақты талқыланып, Үкiметке жiберілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бiрiншi вице-премьер бұл мәселенi қарап жатыр.


«Жобаны iске асыруға болады. Қазiр туындап отырған бiр ғана проблема — Қазмұнайгаздан бұндай несие ресурстарын алу мүмкiндiгi жоқ. Өйткенi, Қазмұнайгазда несие жүктемесi өте жоғары. Сондықтан, бұл мәселені Қазтрансгаз және Қазмұнайгаз арқылы шешу, қаржыландыру қиындық туғызып жатыр. Сол себептен басқа инвесторларды тартуға әрекет жасап жатырмыз», — деп түйіндедi Қ.Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар