Астанаға Мейвезер, Тайсон мен Мұхаммед Әлидің қызы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға Мейвезер, Тайсон мен Мұхаммед Әлидің қызы келеді

Астанаға Мейвезер, Тайсон мен Мұхаммед Әлидің қызы келеді

[wpcode id="1694287"] Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінд

  • 29 Сәуiр 2017
  • 366
Фото - Caravan.kz


Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл шара 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 500-ге жуық делегат қатысады, олардың арасында әлем чемпиондары және чемпиондыққа үміткерлер, белгілі меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар. "WBC басшылығы Астанаға келуге ықылас білдірген боксшылардың үлкен тізімін жіберді: Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Лейла. WBC белдігін алған чемпиондар, олардың ішінде, әрине, Геннадий Головкин бар. Бұл кезде ол өзінің жекпе-жегіне дайындалатын болса да, біз оның Астанаға келуі үшін келіссөздер жүргізе береміз", — деп атап өтті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекқожин. Конвенция аясында қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында ұйымдастырылады. Кештің басты оқиғасы WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ, ол қырықтан астам елде көрсетілетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар