Атасы күнде ішіп келіп мазасын алатын келін желіде мұңын шақты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атасы күнде ішіп келіп мазасын алатын келін желіде мұңын шақты

Атасы күнде ішіп келіп мазасын алатын келін желіде мұңын шақты

Күйеуімен бірге тұрғаны болмаса, ара қатынасы онша емес. Ал қайын атасы күнде ішіп келіп, оның мазасын алады екен. Келін осының бәріне налып отыр.

  • 24 Шiлде 2017
  • 20427
Фото - Caravan.kz


Әлеуметтік желіде тағы бір келіншек осылай мұңын шақты, деп хабарлайды Caravan.kz

"Тұрмыстамын, 2 айлық қызым бар. 21 жасымда өзім тұратын ауданға тұрмысқа шықтым. Жолдасым алып қашты.
Үйде 10 адамбыз. Әрқайсысының көңіліне қарап шаршадым, өзіме қарауды да қойдым. Күйеуіммен қатынасымыз ағалы қарындастай болып кетті. Екеуміз мүлдем əңгімелеспейміз, сырласпаймыз. Өзім бастап айтсам телефон шұқылап, "миымды ашытпашы" дейді. Қызыма да, маған да бір көңіл болмейді. Содан кейін айтқым да келмейді. Қызым сəл жыласа бəрі айқайлап шығады. Күйеуім 5 минут алмайды.
Атам ІІБ-де жұмыс істейді. Үнемі ішіп келіп, сен сондайсын деп миымды ашытады. Құдайға шүкір, анам тамақты да, тазалықты да үйретті. Үйім əр уақытта таза, өзімді де таза үстаймын. Мені сонша неге жақтырмайтынын білмеймін. Одан қалса қайын сіңлім сəл үй шаруасын істесе, ауыра қалады, сосын тірлік істегеннен ауырдым дейді. Қонақтар келсе өтірік бəрін істегендей болып жүреді.
Босанып келген соң бар тірлікті өзім істедім, қойшы айтпасыншы деп. Түсініңіздерші, мен шаршадым, қатты қиналып кеттім, ақыл қосыңыздаршы! Ажырасқым келмейді. "Қызы ажырасып келіпті" деген сөзді əке-шешеме естірткім келмейді. Барлығына шыдаймын ғой, бірақ күйеуіме қалай түсіндірсем болады жаны бар адам екенімді, əйел бақытын сезінгім келетінін?!" деп жазыпты қаскелеңдік (Алматы облысы)
Айжан.

Соңғы жаңалықтар