Атырау облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Астраханьға баратын жолда орын алды. «Тойота Ланд Крузер 200» және «Лада Гранта» маркілі көліктер Атыраудан шыға берістегі көпір үстінде бетпе-бет соқтығысқан деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

  • 9 Маусым 2017
  • 698
Фото - Caravan.kz

Ресейлік көлік Аққыстау селосынан Атырауға келе жатқан екен. Апат салдарынан «Грантаның» 37 жастағы жүргізушісі мен 49, 33 жастағы жолаушылары мерт болды. Қазақ тапқандар қатарында 25 жастағы келіншек пен оның 3 жасар сәбиі де бар. 37 жастағы тағы бір жолаушы бастан соққы алып, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Ал, джиптің 30 жастағы жүргізушісі аман. Тек үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

— Нақты қай жүргізуші тарапынан кемшіліктер кеткені сараптама өткізген соң анықтайтын боламыз. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 345 бабының 4-ші бөлігімен соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді Атырау облыстық ІІД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Ринат Дагаров.


Соңғы жаңалықтар