Атырауда ауыл тұрғындары шекарашыларға шабуыл жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда ауыл тұрғындары шекарашыларға шабуыл жасады

Атырауда ауыл тұрғындары шекарашыларға шабуыл жасады

Исатай ауданына қарасты Жітіқара ауылының тұрғындары түн ортасына дейін жергілікті шекара бекетін қоршап алды, деп хабарлайды Caravan.kz

  • 20 Қыркүйек 2017
  • 1281
Фото - Caravan.kz

Исатай ауданына қарасты Жітіқара ауылының тұрғындары түн ортасына дейін жергілікті шекара бекетін қоршап алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ATPress.kz порталына сілтеме жасап. Оқиға 18-қыркүйекте кешке болған. Бөлім бастығының орынбасары бастаған бір топ әскери жүгіруден соң заставаға қайтып келе жатқан. Сол кезде сарбаздарды «Toyota Land Cruiser» көлігі қасақана қағып өтпек болады. Бұған қоса екі жауынгерді іліп кеткен.

Осыдан соң көліктегілер мен командирдің орынбасары арасында кикілжің басталады. Бұл уақытта ауыл тұрғындарынан көмекке тағы екі көлік жеткен. Сарбаздарды қайтарып жіберген әскери командирді сол жерде соққыға жықпақ болады. Ақыры әрең қашып құтылған ол бөлімге жетіп автоматты алады да бірнеше мәрте ескерту ретінде аспанға оқ атқан. Көп ұзамай әскери бөлім маңына ауыл адамдары жиналады.

Бұл ақпараратты Батыс аймағының әскери прокуроры Жанболат Аекеновта растап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға орнына әскери-тергеу бөлімінің қызметкерлері, полиция және ауыл әкімі жеткен.


— Әскерилердің айтуынша, кейбір ауыл адамдары мас болған. Ал ауыл адамдары оқ атқан әскеридің масаң болғанын айтады. Сол себепті ауыл әкіміне заставадағы әскерилерді дәрігерлік тексеруден өткізуді тапсырдым. Нәтижесінде ешкімнің арақ ішпегені анықталды. Ал ауыл тұрғындары ішімдікке тексерілген жоқ. Қазіргі кезде тергеумен Исатай аудандық ІІБ қызметкерлері айналысып жатыр. Қару қолдануға байланысты қызметтік тексеру басталды. Меніңше офицердің оқ атуында негіз бар. Өйткені заставаға шабуыл жасалды,- деді Жанболат Аекенов.

Исатай ауданына қарасты Жанбай, Зинеден тұрғындары ежелден Каспийден заңсыз балық аулаумен айналысады. Аталған елді-мекендер мемлекет ішіндегі мемлекет деп бекер айтылмайды. Жыл сайын құқық қорғау органдары қыметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында қақтығыс жиі болып тұрады екен.

Соңғы жаңалықтар