Қадір түні мың айдан артық. Есептесек, мың ай дегеніміз 83 жыл 4 айлық уақыт екен. Демек, Қадір түніндегі құлшылығымыз 83 жылдық ғибадаттың сауабына тең болмақ. Ендеше, 83 жыл 4 айдан қайырлы осы түнді ғибратқа һәм ғибадатқа толы өткізуді көздеген мешіт ұжымы да қарбалас тіршілікте. Жаңадан салынған сәулетті мешітте өтіп отырған бұл мүбәрак түннің қадірін қалың жұртшылықпен бөлісу үшін «Астана» телеарнасы да тікелей эфирде көрсету жағын ұйымдастырмақ. Ендеше, көгілдір экранның әр жағында отырған жамағат, Алланың Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) үмбеті үшін ғана сый еткен бұл түнді бірге өткізейік!
«Әзірет Сұлтан» мешітінде өтетін «Қадір түні» кешінің бағдарламасы мынадай:
1) Құптан мен тарауих намазы- 22:19-00:00;
2) Зиялы қауым өкілдерінің құттықтау сөздері- 00:00-00:20;
3) Уағыз — 00:20-00:45;
4) Еркін құлшылық жасалады — 00:45-01:10;
5) Жамағатпен «тасбих намазы» оқылады- 01:10-01:30;
6) Еркін құлшылық жасалады — 01:30-01:45;
7) Зиялы қауым өкілдерінің құттықтау сөздері — 01:45-02:10;
8) Уағыз- 02:10-02:35;
9) Құран оқылады — 02:35-02:45;
10) Қорытынды бата — 02:45-02:55.