Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны америкалық байланыс спутнигін алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны америкалық байланыс спутнигін алып ұшты

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны америкалық байланыс спутнигін алып ұшты

8 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 09.45-те Байқоңыр ғарыш айлағынан EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») байланыс ғарыш аппаратым

  • 8 Маусым 2017
  • 282
Фото - Caravan.kz

8 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 09.45-те Байқоңыр ғарыш айлағынан EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») байланыс ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бір жыл бұрын аталмыш зымыраннан ақау табылып ұшыруға тыйым салынған болатын. Содан «Протон-М» бірінші  рет ұшырылып отыр. 

Қазғарыш басқармасының ақпаратына сәйкес Байқоңыр ғарыш айлағында ұшырылым штаттық режімде өтті, зымыран тасығыштың ажыратылатын бөліктері Қарағанды облысы мен Ресейдің Алтай Республикасының белгіленген аудандарына құлады.

Америкалық EchoStar 21 байланыс серігі «Бриз-М» үдемелі блогымен бірге  582 секундта тірек орбитасына шығарылды. Келесі белгіленген орбитаға шығару үдемелі блокты жоспарлы қосу есебінен жүзеге асырылады. EchoStar 21 есептелген орбитасына ұшырылғаннан кейін 9 сағаттан кейін шығуы тиіс.   


 

Соңғы жаңалықтар