Жарияланды: 100

Бал ашып, бақсылық жасау - алаяқтық пен бопсалауға теңестіріледі

Бал ашып, бақсылық жасау - алаяқтық пен бопсалауға теңестіріледі

Көршілес Ресей елінің бақсы-балгерлерінің басына қара бұлт үйірілетін болды.

Мемлекеттік Дума заңға түзету енгізіп, олардың «оғаштау» кәсіптерін алаяқтықтың бір түріне жатқызатын болмақ, деп хабарлайды muslim.kz.

Қабылданатын құжатқа сәйкес, бақсы-балгер, сиқыршы, экстрасенстердің ақылы қызметіне енді алаяқтық пен бопсалау баптары бойынша тыйым салынады.

Мемлекеттік Думаның әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі өкілі Сергей Вострецовтың айтуынша, бұл мәселе бақсы-балгерлерге алданған жүздеген ресейліктердің арызынан кейін қозғалып отыр. Алайда, осы орайда «Экстрасенстер шайқасы» атты телебағдарлама туралы ешқандай пікір айтылмаған.

Соған қарағанда, Рсей Федерациясының Қылмыстық кодексіне жаңа қызмет түрі енгізілетін сияқты: «сиқыршылық» немесе «магиялық қызметтер» дегендей. Яғни, аталмыш қызметтің өзіне тыйым салынбайды, тек осы қызмет түрін пайдаланып арзан ақша табуға тосқауыл қойылмақ.

Пікір қалдырыңыз

[X]