Балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырған

Балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырған

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның Сурхандария облысындағы балабақшаларда жасырын камерамен түсірілген бейнероликтер тарап жатыр. Ал бұл жағдай жұрттың жағасын ұстатты.

  • 2 Наурыз 2017
  • 13522
Фото - Caravan.kz

Бейнероликтерде қызметкерлердің күндіз бүлдіршіндерді пышақпен қорқытып, қорлағаны, ал түнде мектепке дейінгі мекемені жезөкшелер ордасына айналдырғаны анық көрініп тұр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Бұл сұмдық жағдай құқық қорғау органдарының қызметкерлері балабақшаға орнатылған жасырын камераларды қарап шыққаннан кейін әшкере болған. Бейнежазбалар аталған облыстың Денау ауданындағы №10, Термез ауданындағы №2 және №23 балабақшаларда түсірілген. Бұл мекемелерде тәрбиешілер мен бала күтушілер айғайлап, пышақ көрсетіп, бүлдіршіндердің зәресін алыпты. Ал түнде олар жезөкшелерге «жеңгетай» болған екен.

Видео 18+

Соңғы жаңалықтар