Балалардың жоғалып жатқаны жайлы WhatsApp-тағы хабарламалар жалған - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалардың жоғалып жатқаны жайлы WhatsApp-тағы хабарламалар жалған - ҚР ІІМ

Балалардың жоғалып жатқаны жайлы WhatsApp-тағы хабарламалар жалған - ҚР ІІМ

[wpcode id="1694287"] Интернет мессенджерлерде ұрланған балалар жайлы таралып жатқан дыбыстық хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл тур

  • 8 Желтоқсан 2017
  • 267
Фото - Caravan.kz


Интернет мессенджерлерде ұрланған балалар жайлы таралып жатқан дыбыстық хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай факторлар Қазақстан аумағында тіркелген жоқ. Ал хабарламада айтылған ауыл Ресей Федерациясындағы Кабардино-Балкария аумағында орналасқан", — деді Алмас Сәдубаев. Осыған дейін Алматы облыстық ІІД әлеуметтік желілерде Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында балалардың жаппай өлтіріліп жатқаны жайлы хабарламаларға түсінік берген болатын. Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Соңғы кездерде Еңбекшіқазақ ауданында ешқандай да бөлімінің болмағаны айтылады. Полициядағылардың айтуынша, қараша айының соңында Ават ауылында тұратын екі баланың ата-анасынан оларға белгісіз біреулердің тиіскені жайлы арыз түскен. "Өтініштер тексеріліп, ресми түрде тексерілді. Ават мектебінің әкімшілігімен кездесу өтті, алаңдауға негіз жоқ. Хабарламаларға қатысты қосымша тексеріс жүргізіледі", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Т

Соңғы жаңалықтар